Біздің қызметіміз
Біз кенорнында барлау мен өндірудің толық циклін, соның ішінде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге қолдау көрсетуді, қызметкерлерді іріктеуді, жеткізушілерді таңдауды, жабдықтарды әзірлеуді, өндірістік процесті іске қосу мен сүйемелдеуді ұсынамыз.
Жерасты ұңғымалық шаймалау – кенді дәстүрлі әдіспен өндірудің баламасы
Жерасты ұңғымалық шаймалау әдісі – Қазақстанның уран өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын кен өндіру әдісі. Сондай-ақ басқа елдерде де мыс пен алтынның өндіруінде кеңінен қолданылады.
Өндіру процесі жер астында кенді арнайы ерітіндімен шаймалау арқылы және құрамында мақсатты металл бар өнімді ерітіндіні жер бетіне шығару арқылы жүргізіледі. Өнімді ерітіндіні өңдеу зауытта сүзілу және тұндыру арқылы жасалады. Бұл ретте балқыту, жану немесе қыздыру сияқты ешқандай процестер жүргізілмейді.