LME Nickel

$ 16747.00

(1.48%)
LME Cobalt

$ 29135.00

(0.00%)
LME Copper

$ 8593.50

(1.31%)
LME Lithium

$ 16400.00

(-1.20%)
БІЗ ТҮРЛІ-ТҮСТІ МЕТАЛДАРДЫ

ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ

БАРЫСЫНДА ОҢТАЙЛЫ БОЛАТЫН

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР ҰСЫНАМЫЗ

Компания туралы
MINING TECHNOLOGIES COMPANY – қатты пайдалы қазбаларды және металдарды жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен барлау және өндіру саласындағы қазақстандық юниорлық инжинирингтік компания.

Компаниямыз түрлі-түсті металдарды өндірген кезде жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын әзірлеу, бейімдеу, жобалау және енгізу бойынша жұмыстарды жүргізеді.

Компания мақсатты металдың мөлшері мардымсыз кенорындарын игеру және жобаның ұтымдылығын арттыру бойынша шешімдерді жүзеге асырады.
Біздің қызметіміз
Біз кенорнында барлау мен өндірудің толық циклін, соның ішінде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге қолдау көрсетуді, қызметкерлерді іріктеуді, жеткізушілерді таңдауды, жабдықтарды әзірлеуді, өндірістік процесті іске қосу мен сүйемелдеуді ұсынамыз.
Жерасты ұңғымалық шаймалау – кенді дәстүрлі әдіспен өндірудің баламасы
Жерасты ұңғымалық шаймалау әдісі – Қазақстанның уран өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын кен өндіру әдісі. Сондай-ақ басқа елдерде де мыс пен алтынның өндіруінде кеңінен қолданылады. Өндіру процесі жер астында кенді арнайы ерітіндімен шаймалау арқылы және құрамында мақсатты металл бар өнімді ерітіндіні жер бетіне шығару арқылы жүргізіледі. Өнімді ерітіндіні өңдеу зауытта сүзілу және тұндыру арқылы жасалады. Бұл ретте балқыту, жану немесе қыздыру сияқты ешқандай процестер жүргізілмейді.
Артықшылықтар
КЕНДІ ДӘСТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНЫП ӨНДІРУМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ЖЕРАСТЫ ҰҢҒЫМАЛЫҚ ШАЙМАЛАУДЫҢ (ЖАҰШ) АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Құрамында мақсатты металдың мөлшері мардымсыз кенорындарында кен өндірген кезде дәстүрлі әдістерді пайдалану қаражат пен операциялық шығындарының жоғары болуының салдарынан экономикалық ұтымдылықты бермеген жағдайда ЖАҰШ тиімділік пен ұтымдылықты көрсетті
Құрылыстың бастапқы кезеңінде ЖАҰШ үшін күрделі шығындар анағұрлым төмен қажет етіледі және өндірістің қажеттіліктеріне байланысты шығындарды реттеу арқылы қуатты икемді реттеуге қабілеті бар
ЖАҰШ – металдарды өндірудің анағұрлым экологиялық әдісі, себебі ашық карьерлер жоқ, таужыныстардың үйінділері жоқ, тастандылар қоймалары жоқ, ауа ластанбайды
Жобалар
Горностаевское кобальт-никель кенорны
Компаниямыздың мамандары никель гидрототығы түріндегі үлгіні алу арқылы никельді өндірген кезде жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын сәтті енгізді.

Бүгінгі күні Mining Technologies Company Казникель компаниясының (жер қойнауын пайдаланушы) капиталына тікелей қатысу және басқа қатысушының үлесін сенімгерлікпен басқару арқылы кен орнын жекеше басқаруды жүзеге асырады.
Жобаға шолу
Горностаевское никель кенорны – Абай облысында, Курчатовтан шығысқа қарай ~25 км және Семей қаласынан батысқа қарай ~110 км орналасқан кенорнын зерттеу жобасы. Горностаевское никель кенорнының жерасты ұңғымалық шаймалау әдісі арқылы жоғары маржиналдық өндіру үшін әлеуеті бар. Mg, Fe және басқа қосымша металдарды сату нәтижесінде жобаның әлеуетті тиімділігі бар.
Жобаның қазіргі мәртебесі:
  • Минералдық ресурстарды бағалау және алдын ала зерттеу (JORC/KazRC) аяқталды
  • Инфрақұрылым (жол, электр энергиясы, вахталық кент) дайындалды
  • Қуаттылығы жылына 100 тоннаға дейін Ni жететін кеніште тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру, шаймалау және сорбция/десорбция процестері жүзеге асырылып жатыр
  • Никель гидрототығы түріндегі өнім алынды
Жобаны жүзеге асырудың келесі негізгі қадамдары:
  • Ресурстарды жіктеудің JORC кодексі бойынша ТЭН (Feasibility Study) дайындау, экологиялық зерттеулер жүргізу және ESG стандарттарына сәйкес келтіруді қоса есептегенде. Австралиялық консалтингтік компаниясымен жұмыстарды өткізу туралы келісім-шартқа қол қойылған
  • Жобаға сараптама жүргізу, соның ішінде қаржылық және заң аудиттерін жүргізу
  • Жобаны тәуелсіз бағалау
  • Кеніштің ағымдағы жұмысын жүргізу
Ағымдағы зерттеу жоспарында келсеі қарастырылған:
  • 1-ші фаза – жылына 5 мың тоннаға дейін Ni өндіру және күкірт қышқылды зауытын салу
  • Қуаттылықты жылына 20 мың тоннаға дейін Ni біртіндеп кеңейту
Жобаның негізгі индикаторлары*
628 мың т. Ni
42 мың т. Co
Ресурстардың барлығы (JORC)
CAPEX~$103 млн
Қуаттылығы – 5000 т/ж
OPEX ~ $5/ кг Ni
PBP ~ 4 жыл

* - MRE және Scoping Study алдын ала бағалары бойынша

Оқиғалар
«Mining Technologies Company» ЖШСы «Астана» ХҚО жасыл қаржы орталығымен меморандумға қол қойды. Тараптар ESG стратегиясын дайындау, ESG перспективалық жобаларын жүзеге асыру және ESG стандарттарын тау-кен саласына енгізу мәселелерін бірлесіп пысықтау туралы келісті.
Толығырақ білу
«Mining Technologies Company» ЖШСы «БАСТ» АҚ-мен технологиялық үдерістерді, кенді байытудың қосымша схемаларын енгізу мүмкіндігін зерттеу бойынша инжинирингтік қызметтерді көрсету туралы шарт жасасты. Осы келісім бойынша «Mining Technologies Company» ЖШСы «Мақсұт» кенорнында (Абай облысы) шығарылатын өнімнің ұтымдылығын арттыруға және сапа сипаттамаларын жақсартуға бағытталған кенді өңдеудің баламалы процестерін енгізу бойынша зерттеулер жүргізеді.